Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2023 - 2024 оқу жылына арналған білім гранттарын бөлу тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген: бакалавриатқа – 73 мыңға жуық; магистратураға – 13 мыңнан астам, докторантураға – 1800-ден астам.
Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы 4 бағыт бойынша білім алуға болады: педагогика ғылымдары, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауы лшаруашылығы. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылды. Сондай-ақ бұрын мамандар өзі оқыған аймақта ғана грантты жұмыспен өтейтін болса, енді 11 аймақта қызмет ете алады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді. Талапкерлер берілген ақпарат негізінде дұрыс таңдау жасайды деп сенемін», - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
2023-2024 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімімен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:
Бакалавриат: http://www.testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6267&fbclid=IwAR0cuRsUz03i9uUX3GH6wuN9hnN4E8SY7tJ8YU3wOQvd4xmoRMvrCFjPxNk
Магистратура: http://www.testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6268&fbclid=IwAR0ZcNM9Gw1maXepq-lBfpY3J4cb32SKnX5JtzefiNwJCtJcO6h_u9r9ZdQ
Докторантура: http://www.testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=6270&fbclid=IwAR3oUP6sOCiVquS6mo6IDyK5lvdrPDIR_C7CDDQap30t1bDSsBNBEg2obYs