Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 29 маусым мен 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды учаскелер бойынша анықталады, соған байланысты найзағай ойнап, екпінді жел соғады, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.
"1 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады", – деді синоптиктер.