$ 444.14  477.05  4.85

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

Бұл Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінің бірлескен басты оқиғасы болады.
Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

UFC президенті Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласын анықтады. 16 қыркүйекте Шавкат америкалық Келвин Гастелуммен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Tengri Sport.

Бұл Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінің бірлескен басты оқиғасы болады.

Осыған дейін Гастелум жартылай орта салмаққа оралатынын мәлімдеген еді, промоушн басшылығы оның шешімімен келіскен болатын.

2019 жылдың сәуір айында америкалық UFC орта салмақтағы уақытша титулы үшін Исраэль Адесаньямен жекпе-жек өткізді. Бірақ төрешілердің шешімімен Жаңа Зеландиялық жеңіске жеткен еді.

Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде алтыншы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары