$ 443.37  474.49  4.83

Геннадий Головкинге жеңіліп көрмеген үш қарсыласты ұсынды

Головкин белбеулерінің бәрін босатты, әзірге оның алдағы жоспары қандай екені белгісіз.
Фото: Sarah Stier/Getty Images
Фото: Sarah Stier/Getty Images

 In This Corner Boxing 24 Youtube арнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) болашағы туралы болжамын бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Головкин белбеулерінің бәрін босатты, әзірге оның алдағы жоспары қандай екені белгісіз. Ол үлкен жекпе-жек өткізуге тырысып жүрген Деметриус Андрадемен кездесуі мүмкін немесе Хайме Мунгиямен жұдырықтаса алады... Сонымен қатар Джермалл Чарло бар, ол «Канеломен» қыркүйекте кездесе ме, жоқ па – белгісіз, - деп атап өтті арна авторы.

Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы екенін еске сала кетейік.

Хайме Мунгия (42-0, 33 КО) – суперорта салмақтағы WBC Silver чемпионы.

Деметриус Андрадеге (32-0, 19 КО) келер болсақ, қазіргі уақытта ол ешқандай белбеу иесі емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары