$ 439.43  473.31  4.82

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде сегіз сатыға көтерілді

Футболшылар маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында сырт алаңда Сан-Марино (3:0) және Солтүстік Ирландияны (1:0) қапы қалдырған еді.
Фото: kff.kz
Фото: kff.kz

FIFA жариялаған жаңа рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясының (FIFA) жаңартылған рейтингі бүгін, 29 маусымда шықты. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 8 сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты.

Айта кетейік, қазақстандық футболшылар маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында сырт алаңда Сан-Марино (3:0) және Солтүстік Ирландияны (1:0) қапы қалдырған еді.

Ел құрамасы сынға түсетін H тобында Дания – 19, Финляндия – 54, Словения – 60, Солтүстік Ирландия – 64, Сан-Марино – 211 орында тұр.

Жаңартылған рейтингте Аргентина көш басында тұрса, одан кейінгі орындарда Франция мен Бразилия келеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары