$ 443.35  475.54  4.82

Шығыс Қазақстанда полиция маралдың мүйізінен қан алып жатқан видеоға қатысты тексеру жүргізді

Әлеуметтік желіде Катонқарағай ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде маралдың мүйізінен қан алып жатқан видео тараған болатын.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Шығыс Қазақстан облысында полиция маралдың мүйізінен қан алып жатқан видеоға қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде Катонқарағай ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде маралдың мүйізінен қан алып жатқан видео тараған болатын. Бұл видео көпшіліктің наразылығын тудырған еді.

Соған орай аталған факті бойынша ШҚО Полиция департаменті тексеру жүргізді.

«Полиция қызметкерлері «Жанат» шаруа қожалығында маралдарды ұстауға және олардың өнімдерін одан әрі сатуға рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексерді. Белгілі болғандай, Катонқарағай ауданының ветеринария бөлімі қожалыққа жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат берген. Осылайша, олардың әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқ», - делінген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#марал