30.06.2023, 13:00

Павлодарда трамвай жүргіншіні қағып өлтірді

Фото: Pavon.kz
Оқиғадан кейін жүргізуші жол апаты болған жерден кетіп қалған.

Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

29 маусымда сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелері қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғадан кейін жүргізуші жол апаты болған жерден кетіп қалған.

Осы дерек бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді.