01.07.2023, 15:20

Алматыда ер адамды көшеде атып кетті

Фото: pixabay
Бұл күдіктінің бірінші қылмысы емес екені белгілі болды.

Бұл күдіктінің бірінші қылмысы емес екені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

30 маусымда Байзақов көшесінде ер адамға оқ тиіп, ол қаза тапты. Тәртіп сақшылары бұл қылмысқа күдіктіні ұстады. Күдіктінің тағы да кісі өлтіргені үшін іздеуде жүргені анықталды.

"Алматыда бір күн бұрын кісі өлтіру оқиғасы орын алды, күдікті 1991 жылы туған Ж. есімді азамат болып шықты. 2009 жылдың жазында 17 жастағы Ж. достарымен бірге Сарқанд қаласында ауыр қылмыс жасады", – деп хабарлады ПД. 

Олар егде жастағы ерлі-зайыптыларды өлтіріп, бөлшектеп тастаған, содан кейін қолдарына қару алып көшеге шыққан. Жергілікті полиция оларды екі рет ұстауға әрекеттенді - олар біреуін атып, екіншісін жаралады.

Күдікті 2019 жылдан бері іздеуде болған.