01.07.2023, 18:20

Батыс Қазақстанда 14 жастағы бала суға кетіп қалды

Фото: ktk.kz
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы бала суға кетіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 маусым күні Ақбұлақ ауылдық округінде болды.

Сағат 19.19-да жергілікті тұрғындар Ақбұлақ ауылынан 500 метр жердегі сайдан 2009 жылғы баланың денесін шығарып алды. Бала белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.