01.07.2023, 23:30

Қарағанды ​​облысында спорт залының қабырғасы опырылды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Қарағанды ​​облысындағы жұмысшылар вахтасы аумағында спорт зал қабырғасы опырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Вечерняя Караганда" газеті Шұбаркөл көмір кен орнындағы вахта қалашығы аумағында орналасқан спорт кешені ғимаратының бір бөлігі опырылып құлағаны түсірілген видеоны жариялады.

Құрамына кәсіпорын кіретін ERG компаниясының баспасөз қызметі оқиға 2023 жылдың 25 маусымында болғанын хабарлады. "Шұбаркөл Көмір" АҚ вахта қалашығының жөндеуден өтіп жатқан мәдени-спорттық кешенінің қабырғасы жартылай опырылған.

Кәсіпорын қызметкерлерінен де, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіп жатқан мердігер тарапынан да зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. 2023 жылдың сәуірінде "Центральный" карьері аумағында мәдени-спорттық кешеннің жөндеу жұмыстары басталған. Ғимарат 1989 жылы салынған. Кешенді қайта құру ғимараттың барлық үй-жайларын қалпына келтіру үшін жүргізілді, - деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.