01.07.2023, 22:30

Елорда кубогі: Махмұд Сабырхан отандасы Серік Теміржановты жеңді

Фото: turkystan.kz
«Елорда кубогінің» финал ойындары 2 шілде күні өтеді.

Астанада өтіп жатқан «Elorda Cup» халықаралық турнирінің жартылай финалында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боксшы Махмұд Сабырхан Серік Теміржановты жеңді деп хабарлады turkystan.kz.

2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан рингте 2021 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановпен кездесті. Қарқынды өткен жекпе-жекте Махмұд Сабырхан 4:1 есебімен жеңіске жетті.

«Елорда кубогінің» финал ойындары 2 шілде күні өтеді.