$ 443.44  480.51  4.88

Шығыс Қазақстан облысында таудағы өрт оқшауланды

Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Фото: freepik
Фото: freepik

2 шілдеде Ұлан ауданындағы Приморск орманшылығындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрттің оқшауланған нақты уақыты - 11.30.

Орманшылардың, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен әрекеті арқасында таулы жердегі өрт оқшауланды. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

 

Реклама

Өрт толығымен сөнуі үшін орманшылар мен өрт сөндірушілер құрамындағы 24 адам мен 4 техника оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары