$ 494.87  520.65  4.91

Абай облысында тағы өрт болды

Өрт шамамен 200 гектар жерге тараған.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Абай облысына қарасты Көкпекті ауданында қамыс өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, өрт кеше сағат 11.00 шамасында болған.

Көкпекті ауданы Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртенді. Оқиға орнына қарауылдау жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шықты, - делінген хабарламада.

Өрт шамамен 200 гектар жерге тараған.

«Елдімекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарының тартылуы қажет емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары