$ 494.87  520.65  4.91

Уимблдон алдында қазақстандық теннисшілердің рейтингідегі орны белгілі болды

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалды.
Фото: Justin Setterfield/Getty Images
Фото: Justin Setterfield/Getty Images

Бүгін Лондонда басталатын Уимблдон турнирі алдында қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалды.

Юлия Путинцева 53-тен 56-ға сырғыды.

Польша өкілі Ига Швентек WTA рейтингісінде көш бастаса, Бетларусь өкілі Арина Соболенко екінші сатыда.

Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова және америкалық Джессика Пегула көштің алдын бермесе, қазақстандық Анна Данилина – 24, Е.Рыбакина 97-орнында қалды.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 138, Бейбіт Жұқаев – 243 (-4), Михаил Кукушкин – 262 (-3), Денис Евсеев 324 – (-4), Дмитрий Попко 346-сатыда (-3) тұр.

ATP рейтингісінде испаниялық Карлос Алькарас, сербиялық Новак Джокович және ресейлік Даниил Медведев үздік үштікте келеді.

Жұптық сында әлемдік рейтингіде америкалық Остин Крайчек, нидерландтық Уэсли Колхоф және ұлыбританиялық Нил Скупски алда болса, еліміздің үздік ойыншысы Александр Недовесов 51-ден 48-ге жоғарылап, Андрей Голубев 86-дан 88-ге сырғыды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисшілер Тегерандағы турнирде жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары