$ 494.87  520.65  4.91

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі күдікті деп танылды

Экс-министрдің адвокаты Мұхамедиұлының әйелінен пара ретінде 460 мың доллар алған.
Фото: El.kz
Фото: El.kz

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі күдікті деп танылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған мәдениет және спорт экс-министрі А.Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді.

Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталуы бойынша күдікті деп танылған.

Айта кетейік, 2022 жылғы мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынған еді. Ол кезде Мұхамедиұлы ұлттық музейді басқарып тұрған болатын. 28 мамырда сот санкциясымен Мұхамедиұлына қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары