$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Қажетті сараптамалар тағайындалған.
© AFP 2023 / SANJAY KANOJIA
© AFP 2023 / SANJAY KANOJIA

Қостанай облысының 58 жастағы тұрғыны 30 маусымда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Іздестіру кезінде күдікті ұсталып, ол аса ауыр қылмыс жасағанын мойындаған және полицейлерге жоғалған әйелдің мәйіті жерленген жерді көрсетіп берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Әйел адамның жоғалып кеткені жөнінде полицияға оның ағасы арыз жазған. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, Қостанай облысы бойынша ТЖД, ҚР ҰҚК шеқара қызметі және еріктілер кіріскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағаны туралы мойындаған күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйелдің мәйітінің жерленген жерін көрсетті, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері ҚР ҚК-нің 99-бабы – "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Бұған дейін хабарсыз кеткен әйел ІІ топ мүгедегі екені хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары