$ 441.58  480  4.86

Қазақстан үкіметі халықтың табысын арттыру үшін не ұсынып отыр?

Үкімет жалғастыратын тағы бір бағыт – инфляцияны 2 есе төмендету.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданған болатын. Бүгінде аталмыш жобаны 2029 жылға дейін өзектендіру жұмыстары қаралып, Үкімет тарапынан тиісті тапсырмалар да беріліп үлгерді. Яғни, оны республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлу жоспарға алынды, бұл өз кезегінде жергілікті атқарушы органдарды барынша жұмылдыруға сеп болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттінгі.

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде бюджет саласының 1,1 миллионнан астам қызметкерінің, атап айтқанда, 74 мың дәрігердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 600 мың педагог пен мұғалімнің еңбекақысы 25%-ға, 173 мың орта медициналық персонал өкілдерінің жалақысы 20%-ға және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің басқа да санаттарының жалақысы 20%-ға көтерілді.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметінше, өңдеу өнеркәсібінде жыл сайын кемінде жүз жобаны іске қосу, 7 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарда бар. Бұдан бөлек, жыл сайын өңдеуші өнеркәсіптің кемінде 7 кәсіпорнының өндірістік қуатын жаңғыртуға 800 млрд теңге инвестиция тартылатын болады.

Алдағы кезеңде қолға алынатын басты бағыттардың бірі – өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында нақты секторларда түрлі жұмыс орындарын құру, «Ауыл Аманаты» жобасы шеңберінде ауыл халқының табы көлемін ұлғайту, ШОБ-қа деген мемлекеттік қолдаудың түрлі шараларын көрсету міндеті тұр. Дәл осы жобаны жүзеге асыру бағытында жеке қосалқы шаруашылықтарға микрокредит беру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жемшөп дайындау, сервистік-өткізу кооперативтерін ұйымдастыру, лизингтік техникамен және жабдықпен қамтамасыз ету және т.б. жұмыстар іске асырылатын болады. Биыл жобаға өңірлер бойынша 17 мыңнан астам шағын несие беру жоспарымен 100 млрд теңге бөлінген. Бұдан басқа, бюджеттен жалақыны арттыру және азаматтарға жаңа цифрлық сервистер арқылы әлеуметтік қолдаудың белсенді шараларын көрсету жөніндегі  шараларды жалғастыру жоспарлануда.

Үкімет жалғастыратын тағы бір бағыт – инфляцияны 2 есе төмендету. Бағдарламаның қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі еңбекақы төлеу үлесі 2029 жылға қарай 41,1%-ға жетеді, жалпы табыстардағы еңбек қызметінен түсетін табыстардың үлесі 86,7%-ды құрайды, 2029 жылға қарай жыл сайын жұмысқа орналастырылатын азаматтардың саны 480 мың адам болады, күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі 5%, жұмыссыздық  көлемі-4,6% -ды құрайды.

Сонымен қатар, алдағы 5 жылда Үкіметке жиынтығында шамамен 125 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынынқамтамасыз ету міндеті қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары