$ 498.34  519.72  4.85

Түрмеде 1,5 жыл жазықсыз отырған азамат мемлекеттен 5 млн теңге талап етті

2021 жылы 25 жастағы ақтөбелік азаматқа есірткі сақтағаны үшін қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Фото: pixabay.com: UGC
Фото: pixabay.com: UGC

Есірткі ісі бойынша 1,5 жыл түрмеде отырып, ақталып шыққан ақтөбелік азамат мемлекеттен моралдық шығын ретінде 5 миллион теңге өндіруді талап етті. Бұл туралы «Диапазон» хабарлады.

2021 жылы 25 жастағы ақтөбелік азаматқа есірткі сақтағаны үшін қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал 2022 жылы бұл істі Жоғарғы Соттың Сот алқасы қарады. Анықталғандай, оның сату мақсатында есірткі затын сақтағаны туралы ешқандай дәлел болмағандықтан жас жігітке заңсыз үкім шығарылған.

Оған бір танысы марихуана салынған қорап жіберіп, оны одан әрі колониядағы тұтқындарға беруін өтінген. Бірақ қорап ішінде есірткінің барын ол үйіне жеткізген соң бір-ақ білген. Кейін жауапқа алу кезінде ол сол марихуана орналасқан жер туралы барлығын хабарлаған. Мұндай жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде өз еркімен марихуананы беруіне байланысты оған қатысты іс тоқтатылуы керек еді. Жоғарғы Сот алқасы сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған істі қайта қарау құқығын берді.

Сотталушы Жоғарғы соттың шешімі шыққанға дейін жасамаған қылмысы үшін 1,5 жыл темір тордың арғы жағында отырған. Ол заңсыз қылмыстық қудалау мен соттаудан моральдық азап шеккені үшін Қаржы министрлігі атынан мемлекеттен 5 миллион теңге төлеуді талап етті. Судья Ирина Буйваренко Қаржы министрлігін талапкерге республикалық бюджеттен 1 миллион 500 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Бірақ бірінші сатыдағы сот оны толығымен ақтап шықты. Бұл жағдайда да мемлекеттен моральдық шығын үшін 5 миллион өндіруді талап етіп, сот оны ішінара қанағаттандырды.

Судьялар ақталғандардың моральдық азаптарын бірінші жағдайда темір тордың арғы жағында өткізген 1,5 жыл үшін 1,5 миллион теңгені бюджет есебінен өтесе жеткілікті деп есептесе, екінші жағдайда мемлекет сот шешімімен талапкерге 4 айдан аса оқшауланған тергеуде жұмсаған шығыны үшін 2,5 миллион теңге беруге тиіс болды.

Ал мұндай жағдайда қателіктер мен Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша ақшаны айыпталушының құқығын өрескел бұзғандар емес, мемлекет төлейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары