03.07.2023, 18:00

Абай облысында зауыттан өрт шықты

Фото: Абай облысы төтенше жағдайлар департаменті
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Абай облысы Ақсуат ауданындағы асфальт зауытында битум өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 3 шілдеде болған.

Өрт сөндірушілер зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатқанын анықтады. Жалпы көлемі – 10 тонна, - деп атап өтті ведомство.

Қызыл жалынды көбікпен сөндіруге кіріскен өрт сөндірушілер оны жарты сағаттың ішінде өшірді.

Департаменттің мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.