04.07.2023, 03:30

Қазақстандық каратэшілер Хорватияда 7 медаль жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Жарысқа барлығы 72 елден 3275 татами шебері жиналған.

Пореч қаласында (Хорватия) өткен WKF каратэден «Karate1 Youth League - Porec 2023» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар 7 медаль иеленді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды.  Жарысқа барлығы 72 елден 3275 татами шебері жиналған, оның ішінде Қазақстан құрамасының 20 каратэшісі де бар.

Турнир қорытындысы мынадай: 1-орын - Кәусар Естеусіз (48 кг) 2-орын - Кирилл Москвичев (55 кг) 2-орын - Нұрия Тізімбай (68 кг) 3-орын - Максим Москвичев (61 кг) 3-орын - Ақниет Шеризат (50 кг) 3-орын - Жоламан Биғабыл (60 кг) 3-орын - Әлихан Қадырғали (70 кг).