04.07.2023, 07:30

4 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Фото: Pixabay
Ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауады, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі, - делінген  "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, түнге қарай өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз өте ыстық +33+35°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +32+34°С.