Әскерден қашып кеткен Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқи отырыңыз: Заңгер: Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткен
2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілері ұйымдастырған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б. орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, – делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.