Орал қаласында төрт жасөспірім 13 жасар қызды зорлаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға 12 маусымға қараған түні болған.
Шамамен сағат 01.00-де 2006 және 2007 жылы туған төрт жасөспірім Орал қаласында жалға алған пәтерде 13 жасар қызды зорлаған. Аталған жасөспірімдер бұрын қылмыс жасағандары үшін есепте тұрған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне (зорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, деп хабарлады ведомстводан.