04.07.2023, 17:20

Павлодарда жұмысшыларды тоқ соқты: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: pixabay
Денелерінің 30 және 40%-ін күйік шалған.

Павлодар облысы Усолка шағын ауданында үш жұмысшыны тоқ соқты соқты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жұмысшылар "Вектор" аялдамасының жанында ағаштарды кесіп жатқан.

Ағаш кесіп жатқанда манипулятордың көтергіші құлаған, ішінде адамдар болған. 112 пультіне қоңырау сағат 09:28- түсті. Оқиға орнына 4 құтқарушы, Апаттар медицинасы орталығынан 4 қызметкер, 102 және 103 қызмет қызметкерлері барды, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Манипулятордың көтергіші электр желілеріне тиген. Салдарынан 3 адам зардап шекті.

Қалалық ауруханаға үш адам жеткізілді. Екеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Денелерінің 30 және 40%-ін күйік шалған.  Ал бір науқас күйік бөлімінде жатыр. Оның денесінің 2%-і күйген, - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жұмысшалырдың бірі 23 жаста болса, екеуі 21 жастағылар.