04.07.2023, 18:00

Қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларын қандай өзгеріс тұр

Фото: pixabay
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

2023-2024 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын 1-ші сыныптарда "Әліппе/Ана тілі" пәндері, ал "Орыс тілі" пәні 2-ші сыныптан бастап оқытылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпараты бойынша, 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында қазақ тілінде оқытатын 1-ші сыныптарда "Әліппе/Ана тілі" пәндері, ал "Орыс тілі" пәні 2-ші сыныптан бастап оқытылады, - делінген хабарламада.

Ал орыс тілінде оқытатын сыныптарда 1-сынып оқушылары "Қазақ тілі" және "Букварь" пәндерін оқиды.

"Шет тілі" пәні 1-2-сыныптарда емес, 3-ші сыныптан бастап оқытылады.

Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылуда. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды, - деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.