$ 444.14  477.05  4.85

«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

Барлығы 12 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім түскен.
Фото: El.kz
Фото: El.kz

«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Барлығы 12 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім түскен. Шорт-листке 48 жұмыс енді. Жеңімпаздар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы анықталды.

Биыл алғаш рет журналистер «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік анимациялық фильм» номинациялары бойынша бақ сынады.

Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанды. Сонымен, «Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары:

Үздік ақпараттық бағдарлама

«Дневной формат» – «Atameken Business» телеарнасы

Үздік әлеуметтік жоба

«Жанашыр» – «Жетісу» телеарнасы

Үздік журналистік зерттеу

«Арнайы репортаж» – «Хабар 24» телеарнасы

Үздік аналитикалық бағдарлама

«Apta» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

Үздік ток-шоу

«1001 түн» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

Үздік ойын-сауық бағдарламасы

«Түнгі студия» – «Jibek Joly» телеарнасы

Үздік деректі фильм

«Абайдың соңғы күндері» – «Хабар» телеарнасы (Камал Смайылов атындағы арнайы сыйлық)

Үздік анимациялық фильм

«Дәрігер Дана» – «Rio Production» ЖК (Әмен Қайдаров атындағы арнайы сыйлық)

Үздік аймақтық телеарна

«Caspian News» – Атырау қаласы

Үздік тележурналист

Әйгерім Мұздыбаева – Бірінші канал «Евразия»

Үздік тележүргізуші

Светлана Булатова – «КТК» телеарнасы

Еркін Байғабылұлы – «Хабар 24» телеарнасы

Үздік спорт комментаторы

Есей Жеңісұлы– «Qazsport» телеарнасы

(Аманкелді Сейтханов атындағы арнайы сыйлық)

Арнайы жүлде «31 арна» телеарнасына отандық телевизия саласының дамуына қосқан үлесі үшін табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары