$ 443.37  474.49  4.83

Бүгін елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

10.00-де ЭКСПО алаңында алғаш рет Астананың 25 жылдығына арналған қалалық гүлдер фестивалі өтеді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Конгресс орталықта «Астананың 25 жылдығы: Астана – болашақ қаласы» бауырлас қалалар әкімдерінің форумы өтеді.

10.00-де ЭКСПО алаңында алғаш рет Астананың 25 жылдығына арналған Қалалық гүлдер фестивалі өтеді.

10.00-де Астананың 25 жылдығы қарсаңында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Бозоқ – ортағасырлық Еуразияның қалалық кеңістіктер тарихында» атты екі күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылады.

11.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде Швейцария Федералдық кеңесшісі, Сыртқы істер федералдық департаментінің басшысы Иньяцио Кассистің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана – мәдениет керуені» әскери оркестрлердің І халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің бағдарламасы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

12.30-да ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешімді түсіндіруге арналған баспасөз брифингін өткізеді.

15.00-де EXPO халықаралық көрме орталығында Астана қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді.

15.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «№5 балалар мен жасөспiрiмдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің қызметі туралы» онлайн брифинг өтеді. https://www.facebook.com/rsk.astana01

16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Берік Молжігіттің «Менің әлемдерім» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

19.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Астана Арена» стадионы алаңында Астана күніне арналған Қазақстан өнер шеберлерінің мерекелік концерті өтеді.

19.00-де Жастар театрында гастрольмен келген Түркістан музыкалық драма театры «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклін ұсынады.

19.00-де «Астана опера» театрында Дж. Вердидің «Аида» операсы қойылады.

19.00-де «Номад сити холл» театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы қойылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары