05.07.2023, 09:20

Уимблдон-2023: Елена Рыбакина екінші айналымға шықты

Фото: ktf.kz
Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 12 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Жарыстың басты фавориттерінің бірі Рыбакина биыл өткен жылғы чемпиондық атағын қорғауға тиісті еді. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерспен шеберлік байқасты.

Орталық корттағы матчта америкалық теннисші брейкпен бірден алға шықты – 2:0. Сет біткенше сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4.

Есесіне екінші партияда қазақстандық спортшы 5:0 есебімен алға кетті. Сосын өз пайдасына шешті – 6:1.

Рыбакина үшінші, шешуші сетті де брейкпен бастады – 1:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2.

Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 12 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 74-ракеткасы, франциялық Ализе Корне немесе рейтингте 127-сатыдағы жапониялық Нао Хибиноның біреуімен таласады.