05.07.2023, 12:00

«Оператор РОП» экс-құрылтайшысы Дубайда ұсталды

Фото: t.me/antikornews
Оған аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру күдігімен халықаралық іздеу жариялаған болатын.

«Оператор РОП» бойынша іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірлігінде ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды, - делінген хабарламада.

Қазір Бас прокуратура оны экстрадициялау рәсімін жүзеге асырып жатқанын айтты.