05.07.2023, 16:20

Елімізде 9 банк жұмысын тоқтатуы мүмкін

Фото: pixabay
Былтыр агенттік екінші деңгейлі банктің басшы лауазымына тағайындалмақ болған 13 үміткердің кандидатурасына келісуден бас тартты.

Қазақстанда жұмыс істейтін екінші деңгейлі 9 банктің жұмысы тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған Реттеу саясатының консультативтік құжат жобасында жазылған, деп хабарлайды Skifnews ақпарат порталы.

Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Оның тоғызын жабу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Былтыр агенттік екінші деңгейлі банктің басшы лауазымына тағайындалмақ болған 13 үміткердің кандидатурасына келісуден бас тартты.

Ал бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді. 2022 жылы агенттік осындай ұйымдардың басшысы лауазымына ұсынылған 10 кандидатты келісуден бас тартты, – деп көрсетілген Ашық НҚА порталында жарияланған Реттеу саясатының консультативтік құжатында.