$ 494.87  520.65  4.91

Алматы тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады

Сондай-ақ полиция бір айдай бұрын, 8 маусымда ол өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Алматыда 2023 жылы 4 шілде күні кешке ер адам көпқабатты үйдің 11-қабатынан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото: Zakon.kz

Қалалық полиция департаменті бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм (1986 жылы туған) психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрған".Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ полиция бір айдай бұрын, 8 маусымда ол өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты. Сол жолы Алмалы ауданының учаскелік инспекторлары 11-қабаттың терезесінде отырған 37 жастағы алматылық азаматты аман алып қалған. Инспекторлардың бірінің айтуынша, ер адам  неге секірмекке әрекеттенгенін түсіндіріп бере алмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары