Ыстықкөл жағалауында 6-18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Батыс Азия чемпионаты өтуде. Қазіргі уақытта рапидтің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.
Шахматшыларымыз барлық санаттар бойынша 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан қоржынында 14 санатта барлығы 18 медаль бар.
Осылайша, ҚР командасы жалпы есепте бірінші орын иеленді.
Айта кетейік, жарысқа Қазақстан, Бангладеш, Үндістан, Қырғызстан, Оман, Шри-Ланка, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінен 280-нен астам ойыншы және Халықаралық шахмат федерациясының туын көтеріп жүрген ойыншылар қатысып жатыр.
Жастар арасындағы Батыс Азия чемпионатының нәтижелері (Ыстықкөл, Қырғызстан):
Алтын медаль:
U16 Асылов Мирас
U14 Дәулет Әлихан
U8 Миржанов Арлан
U6 Сайран Дінмұхаммед
G16 Қалдарова Аяулым
G8 Абылай Сабина
G6 Қайыпова Айару
Күміс медаль:
U8 Назарбек Әлихан
G18 Попандопуло Кристина
G14 Қалиахмет Елназ
Қола медаль:
U14 Болат Инаят
U10 Ержаұлы Ернұр
U6 Мажитов Мәди
G16 Заманбек Мерейлім
G14 Оразалина Нурсула
G10 Жұмамбаева Әлия
G8 Әбибулла Інжу
G6 Дүйсенова Камила