$ 443.44  480.51  4.88

Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты

Зардап шеккендер жоқ.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Бүгін Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

5В қалалық жолаушылар автобусы Оспанов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Toyota Prius көлігі оған қарама-қарсы жолмен жылжыған.

Жаңбыр мен айналаның көріну деңгейінің төмендеуі жол жүрісін белгілі бір деңгейде қиындатқан, биіктен төменге түсу кезінде Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне ұшып кеткен. 

Қатты соқтығысу салдарынан автобус бетон қабырғаға соғылды, ал Toyota ұшып түскен орнында - жол ортасында қалған.

Автобус жүргізушісі мен жолаушылардың бірі ауруханаға жатқызылды, Toyota Prius көлігіндегілер зардап шеккен жоқ.

Қазір оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, олар жол апатына байланысты туындаған кептеліс мәселесін де шешуде. 

Құтқару қызметкерлері жолды ашу үшін эвакуатор көмегімен көліктерді сүйреп әкетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары