6 шілдеде «МАЭК» ЖШС Жылу электр станциясындағы №1 энергоблокты жөндеу аяқталып, сағат 05.51-де іске қосылды. Бұл туралы ЖШС-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Жөндеу 4 шілдеде энергоблок қазандығы біраз уақыт суытылып тұрған соң сағат 21:50-де басталды. Жұмыс тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді.
Кәсіпорынның қызметкерлері оқиға болған сәттен бастап энергоблок қазандығындағы жөндеу жұмыстарын тезірек қолға алып, қалпына келтіруге жұмылды. МАЭК мамандарының уақытында жедел іс-қимыл жасауының арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келтірілген жоқ. Соның нәтижесінде, облыс орталығы мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ.