$ 441.66  475.14  4.86

Димаш Құдайберген қытайлық танымал әнші туралы естелігін жариялады

Әлемдегі ең керемет орындаушылардың бірі.
Фото: news.sky.com
Фото: news.sky.com

Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында суицидтен қайтыс болған қытайлық әнші Coco Lee-мен бірге түскен фотосын жариялап, ол туралы әсерлі пост жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2017 жылы Қытай шоу-бизнесіндегі алғашқы қадамдарымды қолдаған алғашқы адамдардың бірі. Әлемдегі ең керемет орындаушылардың бірі. Мен оны шын жүректен жақсы көретінмін. Сізбен дуэт айту бақытына ие болған күнді ешқашан ұмытпаймын. Сіз әрқашан табыстың, кәсібиліктің және адамгершіліктің эталоны болдыңыз. Біз сіз туралы тек жақсы нәрселерді есте сақтаймыз, өйткені жаман ештеңе болған жоқ. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, сахна ханшайымы. Сенің орныңды ешкім баса алмайды, - деп жазды Димаш.

Coco Lee - қытайлық танымал әнші, әйгілі Дисней «Мулан» мультфильмінің негізгі саундтрегін орындаушы. 6 шілдеде әншінің өзіне қол жұмсамақ болғаны, кейін емханалардың бірінде жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны белгілі болды. Баспасөздің жазуына қарағанда, ол ұзақ уақыт депрессиямен күрескен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары