09.07.2023, 15:30

Алматыда барахолка өртенді

Фото: Ulysmedia.kz
Сөндіру жалғасуда.

Алматыдағы «Кенжехан-2» көтерме базарында өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өрт 9 шілде күні сағат 12:00-де басталған.

Оқиға орнына жедел штаб жұмылдырылды, үш өрт сөндіру бригадасы құрылды.

Өрт контейнерлік үлгідегі қоймадан шыққан. Төтенше жағдайдың аумағы белгіленді.

Адамдар эвакуацияланды. Сағат 12:52-де өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Сөндіру жалғасуда, – деп мәлімдеді ТЖМ-нан.