$ 489.06  536.21  5.05

Ақтауда жеңіл көлік отқа оранды

Жану салдарынан ғимараттың жаны ысталғаны анықталды.
Фото: Ақтау қалалық ТЖБ баспасөз қызметі
Фото: Ақтау қалалық ТЖБ баспасөз қызметі

Ақтауда мерседес маркалы жеңіл автокөлігінің толықтай жанып кетті. Оқиға  32 б шағынауданы 16/3  құрылысы бітпеген ғимарат аумағында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Жану салдарынан ғимараттың жаны ысталғаны анықталды. 

Өртті жоюға 2 өрт сөндіру техникасы, 8 қызметкер жұмылдырылды. Өрт 20 сағат 16 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебін Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының кезекші анықтаушысы анықтауда, - деді қалалық басқарманың баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары