10.07.2023, 10:00

ШҚО-да бір күнде адам шығынына әкелген екі жол-көлік оқиғасы болды

фото: Halyq uni
Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

ШҚО-да бір күнде адам шығынына әкелген 2 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 9 шілде күні сағат 11:50 шамасында Омбы-Майқапшағай тас жолының 1247-шақырымында Кеңсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қаза тапты.

Келесі жол-көлік оқиғасы 13:30 шамасында Өскемен - Рахман қайнарлары тас жолының 53 шақырымында болып салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше жолаушы дене жарақатын алды.

Полиция хабарлауынша, екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Құрметті жүргізушілер, полиция департаменті сіздерді жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктеріңіздің жарамдылығын бақылауға алуға шақырады, - деді полиция өкілдері.