10.07.2023, 12:20

«Алтын доп» иегері атанған танымал футболшы өмірден өтті

Фото: pixabay
Ол аталған жүлдені жеңіп алған «Барселонаның» тұңғыш ойыншысы.

Әйгілі испандық футболшы Луис Суарес Мирамонтес қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 88 жасында көз жұмған. Мирамонтес өз мансабында «Депортиво», «Барселона», «Интер» мен «Сампдория» сапында өнер көрсетті.

Луис Суарес Мирамонтес 1960 жылы «Алтын доп» иегері атанды. Ол – бұл таласта Ференц Пушкаш пен Уве Зеелерден озып, аталған жүлдені жеңіп алған «Барселонаның» тұңғыш ойыншысы.