Ресей президенті Владимир Путин бүлік жасау әрекетінен бес күн өткен соң Кремльде "Вагнер" ЖӘК басшылығымен кездесті. Бұл туралы ресейлік БАҚ өкілдеріне Ресей лидерінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Расында, президентте ондай кездесу болды. Ол 35 адамды шақырды. Барлық жасақ командирлері мен компания басшылығын. Оның ішінде Пригожиннің өзі бар. Бұл кездесу 29 маусымда Кремльде өтті. Ол үш сағатқа созылды, - деді Песков журналистерге.
Песков бұл кездесудің егжей-тегжейі белгісіз екенін атап өтті."
Бір ғана айта алатынымыз, президент арнайы әскери операция барысында компанияның майдандағы әрекеттеріне баға берді, сонымен қатар 24 маусымдағы оқиғаларға бағасын берді. Путин командирлердің түсініктемелерін тыңдап, оларға жұмысқа орналасудың және одан әрі жұмыс орындарының нұсқаларын ұсынды, - деді Песков.