11.07.2023, 10:00

Профессор Сайлау Байзақов өмірден өтті

Фото: turkystan.kz
Ол – экономика ғылымның докторы, профессор.

Экономика ғылымның докторы, профессор Сайлау Байзақов қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы оның немересі Наурыз Байзақов Facebook-те жазды.

Құрметті достар, бүгін менің сүйікті Аташкам дүниеден озды, – деп жазған ол.

Сайлау Байзақов 1937 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында туған. Ол – экономика ғылымның докторы, профессор.