11.07.2023, 11:40

Димаш Құдайбергеннің «Weekend» атты жаңа әні жарыққа шықты (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз
Туынды түрік продюсері Бурак Йетермен бірге жазылған.

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында «Weekend» деп аталатын жаңа әні барлық еуропалық музыкалық платформаға шыққанын сүйіншіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі болғандай, «Weekend» әні түрік продюсері Бурак Йетермен бірге жазылған.

Біздің Бурак Йетермен бірге шығарған «Weekend» атты жаңа әніміз Еуропада жарық көре бастады. Жақында барлық музыкалық платформада, - деп жазды Димаш.