11.07.2023, 12:40

Қостанай облысында полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Қызметтік тексеру нәтижесінде басшылық қызметте болған екі қызметкер жұмыстан босатылды.

Қостанай облысында есірткі саудасына қатысы бар делінген полицияның жоғары лауазымды қызметкерлері қызметінен босатылды, деп хабарлайды "ТоболИнфо" ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы мен оның орынбасары қызметінен кетті. Сондай-ақ синтетикалық есірткі тарату ісі бойынша тағы екі полиция қызметкері жауапқа тартылып жатыр.

Қостанай облысы ПД қызметкері Әмзе М.А.-ға қатысты қылмыстық құқықбұзушылық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істі Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада. дейді.

Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде басшылық қызметте болған екі қызметкер жұмыстан босатылды.

Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Әлмағамбетов, облыстық ПД ЕҚКБ бастығының орынбасары Қартбаев, Қостанай  полиция басқармасының бастығы Базарбаев, ПБ бастығының орынбасары Шубаев, ПБ ЕҚКБ бастығы Атығаев қызметтерінен босатылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қостанай облысы бойынша ПД басрығының орынбасары Ынтықбаев пен облыстық ПД кадр саясаты басқармасының басшысы Дүйсебаев жұмыстан босату туралы арызын ұсынғаны айтылды.

Еске салайық, 5 мамырда Қостанайда полиция қызметкері есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Тергеушілердің айтуынша, күдікті синтетикалық есірткі таратқан.