11.07.2023, 16:40

Депутат Ермұрат Бәпи ауруханаға түсіп қалды

Фото: Мәжіліс отырысының кадры
Биылғы жазғы демалыс аурухананың төңірегінде өтетін болды.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Редакция тілшілері Парламент каникулға кеткеннен кейін Ермұрат Бәпидің сайлаушылармен кездесу барысы туралы сұрауды жөн көріп, хабарласқан болатын. Алайда депутат мертігіп қалғанына байланысты барлық жоспарын кейінге сырғытыпты.   

Жамбасты мертіктіріп алдым. Ауруханадан үйге шықтым. Барлық жоспар кейінге сырғыды. Биылғы жазғы демалыс аурухананың төңірегінде өтетін болды. Тек тамыз айында сайлаушыларыма жете алсам, соның өзі мен үшін үлкен олжа болмақ, - дейді депутат.