$ 442.05  474.14  4.74

Жантүршігерлік жайт: мұғалім мектеп ауласында асылып өлді

Ер адам мектептің подъезінде өз-өзіне қол жұмсаған.
Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com

Қырғызстанда мұғалім мектептердің бірінің ауласында асылып өлді. Бұл ақпаратты Бішкектегі Октябрь ауданының ішкі істер басқармасы өкілдері растады,  деп хабарлайды Massaget.kz.

5 шілдеде Бішкектегі №17 мектеп-гимназиясының ауласынан хореография пәнінің мұғалімі болған ер адам өлі табылды.

ІІБ өкілдерінің айтуынша, ер адам мектептің подъезінде өз-өзіне қол жұмсаған.

37 жастағы А.Е-нің денесін қарау кезінде жарақаттар табылмады. Бұл дерек Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының ақпараттық реестріне тіркеліп, тергеуалды тексеру басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары