$ 494.87  520.65  4.91

12 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Республиканың барлық аймағында өрт тұтанудың төтенше қаупі болады.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

12 шілде күні республиканың басым бөлігінде антициклон жотасына байланысты жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Елдің тек батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөлімдер өткеннен кейін найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша – екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.

Солтүстік-Қазақстан облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Павлодар облысының оңтүстігінде, солтүстігі мен орталығында, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігі мен батысында өте қатты ыстық күтіледі.

Республиканың барлық аймағында өрт тұтанудың төтенше қаупі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары