12.07.2023, 12:40

ІІМ бала көтерген ер адамды соққыға жыққан Шүменов екенін растады

Фото: Шүменов Vesti.kz © Тұрар Қазанғапов
Сөнтаевтың айтуынша, төбелес кезінде Шүменов сау болған.

Үкімет кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған төбелестің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде шабуыл жасаған адамның кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екені туралы ақпарат пайда болған еді. ІІМ вице-министрі бұл ақпаратты растады.

Иә, ол Бейбіт Шүменов. Бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазір онымен айналысып жатырмыз, - деді Қайрат Сөнтаев.

Вице-министрдің айтуынша, бұл істі "есептен шығарған" учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру басталған.

Тексеру жүріп жатыр, ол қатаң жазаланады, күні кеше ғана министр бұл мәселені көтерді, - деді Сөнтаев.

Сондай-ақ, вице-министрге журналистер "соққыға жыққан адамның кәсіпқой боксшы болуы жауапкершілікті ауырлата ма" деген сауал қойды.

Ол ұзақ уақыт бойы бокспен айналыспады, сараптама нәтижесі қандай болатынын күтейік, - деп жауап берді Қайрат Сөнтаев.

Сөнтаевтың айтуынша, төбелес кезінде Шүменов сау болған.

Бала зардап шеккен жоқ, бірақ жәбірленуші қылмыстық іс қозғалуын талап етіп отыр, - деді министрдің орынбасары.