«Заң» азаматтық науқанының өткізілуі барысында «Жаңа Адамдар» белсенділері Күйші Дина, 23/1 көшесінде орналасқан «Айдын» дүкенін тексеріп шықты. Дүкеннің қызметкері 16 жастағы жасөспірімге, оның құжаттарын сұрамай, 40 градустық алкоголді ішімдікті сатқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дүкен әкімшілігі заң бұзуды доғару талабына өте дөрекі жауап беріп, өз кінәсін мойындамай, қозғалыстың белсендісіне шабуыл жасаған.
Бір ай бойы «Жаңа Адамдар» «Айдын» дүкенінде «итальяндық ереуілді» өткізіп, дүкен иелерін әдетті табыстан әбден айырған. Соған қарамастан, дүкен өкілдері бұдан былай заң бұзбауға уәде беруден бас тартты. Сол себептен, белсенділер басқа әдісті пайдалануға көшті.
«Жаңа Адамдар» велогибридтік құрастырылымды жасап, заң бұзушы дүкеннің алдына баннер орнатты. Күні бойы белсенділер дүкен алдында велосипедпен айналып жүріп, қасындағы үйлердің тұрғындарына «Айдын» дүкенінде заңға қайшы келетін іс-әрекеттер туралы айтып берген. Көршілер велопикетті белсенді талқылаған. Аулада бірнеше айналым жасап, велосипедтердің қасына балалар келген, ал жарқын баннер ересектердің назарын аудартты.
Сол күні «Айдын» дүкені әдеттегі уақыттан ертерек жабылған, ал бір айдан соң дүкен әкімшілігі келіссөздерге қатысуға көнді. Сұхбаттың нәтижесінде дүкен иесі өз кінәсін мойындап, оның «Айдын» дүкенінде кәмелетке толмаған жастарға алкоголдік ішімдіктерді сатпау уәдесі камераға тіркелді. «Жаңа Адамдар» осы уәденің орындалуын міндетті түрде жақын арада тексереді.
Заң бұзушы дүкенге өз кінәсін мойындауға және болашақта алкоголді ішімдіктердің кәмелетке толмағандарға сатылуын болдырмау тиімдірек болады. Әйтпесе, олар азаматтық қоғаммен керексіз күресті жалғастырып, өз табыстарын толығымен жоғалта алады. Қайраттылығымыз, батылдығымыз және әділдігімізге деген сенімділік өздерінің оң нәтижелерін беріп жатыр. Әзірше біз «Айдын» дүкеніне сенуді шештік, бірақ, әлбетте, оны әлі қайтадан тексереміз, - дейді жастар қозғалысының өкілі Төлеби Биқасым.