$ 494.87  520.65  4.91

Заңнамада баланың денсаулығы үшін жауапкершілікті көздейтін бап жоқ – Динара Закиева

Кез келген жағдайда біз, ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын.
Фото: instagram.com/zakiyevadinara
Фото: instagram.com/zakiyevadinara

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген Бейбіт Шүменовті  «Қорқыту» атты ҚР ҚК-нің 115-бабы бойынша жауапкершілікке тарту қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ІІМ-не қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттілігі туралы жүгіндім. Баланың қауіпсіздігіне қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейне кадрлармен расталады. 

Сол себепті бұл жағдайда тұлғаны жауапкершілікке «Қорқыту» атты ҚР ҚК-нің 115-бабы бойынша тарту қажет деп ойлаймын. Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу үшін жауапкершілікті көздейтін бап жоқ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетін боламын. Жалпы, кез келген жағдайда біз, ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын, - дейді Динара Закиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары