$ 494.87  520.65  4.91

«26 млн теңге пара»: Мемлекеттік аудиторлар білім беру саласындағы жымқыруларды жасырған

Қазіргі уақытта аудитор сотқа тартылды.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Білім беру саласындағы қылмыстар мемлекеттік аудиторлардың жасырушылығымен жасалғаны қылмыстық істердің материалдарымен расталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәселен, Жетісу облысында бюджет қаражаты «өлі жандардың» шоттарына ақша аудару және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдыру мен иемдену арқылы ұрланған.

Тергеу барысында Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге сомасында пара алғаны әшкереленді. Ол Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін пара алған. Қазіргі уақытта аудитор сотқа тартылды, - делінген хабарламада.

Осыған ұқсас факт Алматы облысында анықталды, онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданының білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 миллион теңге сомасында пара алған.

Осы факті бойынша Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сонымен қатар Түркістан облысында мемлекеттік ревизор - облыстық Тексеру комиссиясының бас инспекторы парақорлықпен әшкереленді. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары